Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысының полицейлері жүргізушілерді құтқару жұмыстарын жалғастыруда

Ақмола полицейлері жолдан шығып кеткен жүк көлігінің жүргізушісіне жолға шығуға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жақсы ауданының ПБ бастығының бірінші орынбасары Данияр Ишамбеков жолды тексеру барысында “Алматы-Екатеринбург” автожолының 926 шақырымында жолдан шығып кеткен “Вольво” маркалы үлкен жүк көлігін байқаған.

Жүк көлігінің жүргізушісі бұрылу кезінде көлікті басқара алмай, күртік қарға құлағанын айтты. Ол өз бетінше шыға алмаған. Бірнеше рет өтіп бара жатқан жүк көліктерінің жүргізушілерінен көмек сұрағанымен, нәтиже болмаған, ешкім ауыр жүк көлігін шығаруға көмектеспеген.

Мәселенің ауқымдылығын ескере отырып, тәртіп сақшылары проблеманы шешуге жол қызметінің мамандарын шақырды. Алайда тартылған тростар көліктің салмағымен үзіле берді. Тек оларды ілмекті арқанға ауыстырып, жүк көлігін жолға тартып шығару мүмкін болды. Жүк көлігінің жүргізушісі полицейлерге алғысын айтып, жолын жалғастырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру