Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер рейдтер өткізу кезінде суға батқан жылқыны құтқарды

Қызылорда облысында 2021 жылғы 23-25 ақпан аралығында “Мал ұрысы” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткізіліп жатқан іс-шара барысында жедел топтар құрылып, мал ұрлығының алдын алу мақсатында рейдтер ұйымдастырылуда.

Осы мақсатта профилактикалық жұмыстар жүргізу кезінде Қазалы ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері Басықара ауылының тұсында мұзы ойылған суға түсіп кеткен жылқы малын көріп, дереу оны судан шығарған. Нәтижесінде Басықара ауылының тұрғыны полиция қызметкерлеріне өз алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру