Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысының тас жолында ЖКО болды

Ақмола облысының тас жолында ЖКО болды. Бірнеше көлік брусқа соғылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 қазанда Көкшетау бағытындағы Астана – Петропавл автожолының 56 шақырымында жолдың тайғақ учаскесіндегі жол метеорологиялық жағдайларын ескермей, Mercedes-Benz автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, жолдың жиегіндегі брусқа соғылған, нәтижесінде көлік жолдың осьтік жолағына шығып кетіп, ілеспе бағытта келе жатқан Lada көлігімен соқтығысқан.

Сонымен бірге Audi және ГАЗель автокөліктерінің жүргізушілері – Макинск қаласының 46 жастағы тұрғыны және 54 жастағы жүк тасымалдайтын көліктің жүргізушісі, Ресей Федерациясының азаматы соқтығысуды болдырмау үшін осьтік қисық ағашпен жанама соқтығысқан.

Одан әрі ГАЗ-3110 Волга автокөлігінің жүргізушісі ілеспе бағытта келе жатқан Ақкөл қаласының 34 жастағы тұрғынының басқаруымен автожолдың жүріс бөлігінде тұрған Mercedes-Benz автокөлігінің жолаушысын соққан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан ауруханаға Lada жүргізушісі «бастың шаш бөлігінің терісінің алынған жарасы» диагнозымен және ГАЗ-3110 автокөліктің жолаушысы бел аймағының жұмсақ тіндерінің көгеруі диагнозымен жеткізілді.

Өкінішке қарай, жол-көлік оқиғасы қайғылы аяқталды. Жолымбет кентінің 25 жастағы тұрғыны – Mercedes-Benz автокөлігінің жолаушысы бірнеше жарақат алып, ауруханада қайтыс болды.

ЖКО фактісіне сәйкес ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша «Жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, сараптама тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру