Ақмола облысының тұрғыны жолжиек бордюрларын қолды қылды
Ақмола облысының тұрғыны жолжиек бордюрларын қолды қылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
18 қазанда Степногорск қаласының Полиция басқармасына Бестөбе кентінің әкімі аппараты қызметкері жүгінді. Оның айтуынша, 14 қазанда кентіндегі баскетбол алаңының аумағынан 6 жолжиек бордюры ұрланған.
Бұл факт ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Өтініш беруші түсіндіргендей, қазіргі уақытта кент тұрғындарына арналған спорт алаңын қайта құру жұмыстары жүргізілуде.
Полицейлер анықтағандай, мердігер қызметкерлер бордюрларды арбамен әкетіп бара жатқан әйелді көрген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында әйелдің жеке басы анықталды. Тексеру жүргізілуде.