Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері 180 млн теңгеден астам сомаға зергерлік дүкенді тонағандарды анықтады

Криминалдық полиция басқармасы мен Степногорск қаласы полиция басқармасының жедел қызметкерлері жүргізген арнайы операцияның нәтижесінде зергерлік дүкеннің мұқият жоспарланған тонау дерегін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылдың 1 мамырында белгісіз біреулер жертөле арқылы дүкенге кіріп, 180 млн теңгеден астам сомаға зергерлік бұйымдарды ұрлап кеткен.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Резонанстық қылмысты ашу және күдіктілерді ұстау үшін полиция департаменті басшылығының нұсқауы бойынша бірнеше жедел топ құрылып, Ақмола және көрші өңірлердің аумағында бірқатар жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде елордада екі күдікті ұсталды. Олардың 46 және 35 жастағы Астана қаласының тұрғындары екендігі анықталды. Тергеу іс-шараларын жүргізу кезінде ұсталғандардан заттай дәлелдемелер, ұялы телефондар, құралдар мен байланыс құралдары тәркіленді. Сондай-ақ ұсталғандар мініп жүрген көлік тәркіленді.

Қазіргі уақытта қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр. Күдіктілер қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру