Ақмола полицейлері 8 млн теңгенің ұрлығын ашты
Ақмола полицейлері 8 миллион теңгенің ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
1 қыркүйекте Целиноград ауданының полиция бөліміне елорданың 52 жастағы тұрғынының өтініші келіп түсті, онда белгісіз тұлға Қараөткел ауылында салынып жатқан үйден құрылыс материалдарын ұрлады делінген, яғни іргетас блоктары, кірпіш блоктар, 3 кәріз сақинасы, люк қақпағы. Келтірілген залалдың сомасы 8 млн теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қаскүнемнің жеке басы анықталды. Бұрын сотталмаған Қараөткел ауылының 32 жастағы тұрғыны салынып жатқан үйді бөлшектеп, құрылыс материалдарын алып шыққан. Ұрланған затты тасымалдау үшін қаскүнем арнайы техника жалдаған.
ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Заттай дәлелдемелер тәркіленді.