Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығын атап өтті

СҚО полицейлері Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығын атап өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2 қыркүйек күні СҚО полицейлері Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханамен бірлесе Қазақстан халқы тілдерінің күніне және Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған әдеби кеш өткізді.

Әдеби кеш аясында облыстық полицияның басшылығы және жеке құрамы СҚУ оқытушыларымен және студенттерімен кездесті, іс-шара жүргізушісі белгілі журналист Жақсыбай Самрат болды. Кеште Ұлт ұстазының қазақ тілі мен мәдениетінің дамуындағы рөлі қарастырылды.

Педагог және ақын, публицист әрі қоғам қайраткері, қазақ тіл білімінің негізін салушы – Ахмет Байтұрсыновтың мұрасы сан қырлы, ұлт ұстазының әсіресе ана тіліне деген сүйіспеншілігі ерекше болған. Кітапхана қабырғасында әндер де шырқалды, олардың бірі – Байтұрсыновтың сүйікті әні “Құсни Қорлан” кешке ерекше реңк берді. Әнді СҚО Полиция департаменті Мәдени орталығы вокалдық тобының қатысушылары Әсет Молдабаев және Мақпал Жәменова орындады. Сондай-ақ, Еркін Қабдулбариев көрермендерге “Отырар сазы” әнін тарту етті. СҚО Полиция департаменті инспекторы Серік Әбілғазинов Байтұрсыновтың “Туған тілім” өлеңін нақышына келтіріп оқыды. Сондай-ақ, кеште облыстың жас ақындары туындыларын оқыды. Бұнымен қоса, көрермендерге Ахмет Байтұрсыновқа қатысты суреттер мен құжаттардан тұратын презентация ұсынылды.

Ұйымдастырушылардың бірі – СҚО Полиция департаменті Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің басшысы Сән Жұмағазинаның айтуынша, бұндай мәдени іс-шаралар тәртіп сақшыларымен ұдайы негізде ұйымдастырылып тұрады.

– Елімізде бір шаңырақ астында 130-дан астам ұлт өкілі тұрса, облыстық полиция бөліністерінде 20-ға жуық ұлт өкілі қызмет етеді. Барлығының мақсаты бір – адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау. Қазақстандағы ұлттардың бірлігі – Отанымыздың тұрақтылығы мен дамуының негізі. Заманауи полицей жан-жақты болуы тиіс, осындай іс-шаралар полиция имиджін көтеру және мемлекеттік тілдің дамуы үшін аса маңызды – деді СҚО Полиция департаменті Кадр саясаты басқармасының бастығы Абылғазы Ғабдуллин.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру