Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері дүкеннен сырт киім ұрлаған күдіктіні анықтады

Ақмола полицейлері дүкеннен сырт киім ұрлаған күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмыстық полиция қызметкерлері бұрын жасалған қылмысты ашты. Ағымдағы жылдың 29 наурызында Көкшетау қаласының полиция басқармасына киім дүкендері желісі филиалы өкілінің ағымдағы жылдың 22-24 наурызы аралығында белгісіз адам 4 күрте ұрлағаны туралы арызы келіп түсті. Жетіспеушілік тексеру барысында анықталды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Дүкен жабдықталған қауіпсіздік камераларының жазбасы күдіктіні табуға көмектесті. Сырт киімнен ұрлыққа қарсы датчикті алып тастаған бұрын істі болған 29 жастағы облыс орталығының тұрғыны үстіне бір күрте киіп, қалғандарын пакетке салып, сауда нүктесінен шығып кеткен. Заттай дәлел тәркіленді.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 187-бабы 1-бөлігі (Ұсақ ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру