Ақмола полицейлері көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізушіні ұстады
Ақмола полицейлері көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2 қыркүйекте сағат 01:00 шамасында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтарды анықтау және жолын кесуге бағытталған рейдтік іс-шараларды өткізу барысында Ақкөл ауданы Наумовка ауылында осы ауылының 25 жастағы тұрғынының басқаруындағы ВАЗ-2104 автокөлігі тоқтатылды. Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес жүргізуші «жеңіл дәрежеде» мас күйінде болған.
Деректер базасы бойынша тексеру кезінде аталған азаматтың осы жылдың мамыр айында 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды.
Автокөлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды. ҚР ҚК 346-бабы 1-бөлігі (Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.