Ақмола полицейлері өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға арнап экскурсия ұйымдастырды
Ақмола полицейлері өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға арнап экскурсия ұйымдастырды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
20-дан астам бала "Ботай-Бурабай" ашық аспан астындағы археологиялық-этнографиялық мұражайына, этно-ауылға, "Абылай хан" алаңына, мультимедиялық интерактивті кешенге барып қайтты.
Экскурсияны Полиция департаменті Мәдениет басқармасымен және "Шанс" кәмелетке толмағандарды әлеуметтік құқықтық психологиялық қолдау орталығымен бірлесіп ұйымдастырды. Мақсаты - мәдени, патриоттық және отбасылық құндылықтарды дарыту.
Балалар мұражайға үлкен қызығушылықпен барып, экспонаттарды қарап, сұрақтар қойып, гидтің толық жауаптарын алды. Одан кейін этно-ауылға барып, онда бүркіт, "таза" тұқымды иттер мен жылқыларды тамашалады. Балалар мультимедиялық интерактивті кешеннің 3D ойын-сауығынан қатты әсер алды. Үйге барар жолда балалар ұзақ уақыт бойы өз әсерлерімен бөлісіп жатты.
- Бұл сапар әртүрлі қиын өмірлік жағдайларға байланысты мүмкіндігі жоқ отбасылардан шыққан балалар үшін қызықты, танымдық, дамып келе жатқан бос уақытты әртараптандыруға және ұйымдастыруға мүмкіндік берді, - деп бөлісті Ақмола облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының өкілі Рәзия Курсанова.