Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысы ПД-да алаяқтықтың алдын алу мәселері бойынша жиналыс өтті

Маңғыстау облысы ПД-да алаяқтықтың алдын алу мәселері бойынша жиналыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысында алаяқтық қылмыстарының өсу деңгейі байқалады. Олар жалпы қылмыстың 30%-нан астамын құрайды. Бұл дегеніміз – халық арасында қаншалықты түсіндірме жұмыстары жүргізілгенімен де, азаматтардың оларға немқұрайлылық танытандығының белгісі.

Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Болатбек Ақшауов басшылық еткен алаяқтық қылмысының алдын алу бағытындағы жиналысқа криминалдық полиция бөлімі қызметкерлері мен тергеушілерден басқа, депутаттар мен банк өкілдері де қатысты.

Жиналыс барысында банктік қызметтерді пайдаланып жасалатын алаяқтық қылмыстар туралы, халықты алаяқтардың қулығынан сақтау туралы, сондай-ақ бірлесіп оларға төтеп беру жөнінде сөз болды. Тиісті қызмет басшылары өз баяндамаларын жасап, қазіргі кездегі өзекті деген автокөлік несиесі мен интернет-алаяқтық қылмыстарын ерекше атап өтті. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері алаяқтық қылмысын ашу барысында кездесетін мәселелерді де көтеріп, банк қызметкерлерімен қызметтің кей тұстарын жеңілдету бойынша ортақ шешімдерге келіп, бір-бірлеріне ұсыныстарын жеткізді.

– Халық арасында әлде де ескерту, түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет. Полиция өз тарапынан, банк қызметкерлері өз тарапынан алаяқтықтың алдын алу бойынша тиісті шараларды қабылдап жатқанымен де, дәл осы қылмыс түрінен жәбірленушілер саны азаймай тұр. Халық ақша мен бағалы заттың қысқа уақыт аралығында оңай қолға тиуіне күмәнмен қарауы тиіс. Өздерінің алданып қалуына жол бермей, сақ болғандары абзал. Біз келіп түскен арыздың ешқайсысын қараусыз қалдырмаймыз, – деп атап өтті Болатбек Ақшауов.

Жиынға қатысушы депутаттар да бұл мәселе бойынша өзіндік ой-пікірлерін білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру