Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері Қызыл кітапқа енген қос аққуды атқан аңшыны ұстады

Қылмыс 29 қазанда “Браконьер” жедел алдын алу іс-шарасы барысында анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұланды аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторларымен Журавлев ауылдық округінің аумағында рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде 67 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы “ИЖ-Юпитер 5” мотоциклі тоқтатылды.

Құжаттар мен көлік құралын тексеру кезінде полицейлер мотоцикл арбасынан екі кликун – аққудың ұшасы және 12 калибрлі “ТОЗ 34” тегіс ұңғылы аңшылық мылтығын тапты.

Айта кету керек, қару ІІО-да тіркелген, сонымен қатар ауыл тұрғынының тиісті аңшы куәлігі бар.

Ақмолалықтың айтуынша, Қызыл кітапқа енгізілген аққуларды атуға тыйым салынғанын ол білген, алайда құстарды көргеннен кейін оларды атып өлтірген.

Бұл факт ҚР ҚК-нің 337-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді (Заңсыз аң аулау). Қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.

Полицейлер аймақта суда жүзетін құстарды аулауға тыйым салынғанын ескертеді. Кликун – аққу саны азайып бара жатқан түр ретінде Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру