Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері санаулы минутта тонаушыларды ұстады

Ақмола полицейлері санаулы минут ішінде тонау күдіктілерін ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола полицейлері Көкшетау тұрғынын тонап кеткен күдіктілерді құрықтау үшін «ұстап алу» жоспарын енгізді. Полиция департаментінің бірнеше бөлімшелерінің жедел және үйлесімді әрекеттері қылмысты «ізін суытпай» ашуға мүмкіндік берді.

12 шілдеде сағат 21.20 шамасында Көкшетау қаласының полициясына жергілікті тұрғыннан екі белгісіз адам дене жарақатымен қорқытып, 285 мың теңге сомасында ақша қаражатын ұрлап, содан кейін белгісіз бағытта автокөлікпен қашып кеткендігі туралы өтініш келіп түсті.

Аталған факті бойынша полицейлер ҚР ҚК 191-бабы 2-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары шеңберінде Жедел бақылау орталығының инспекторлары қылмыс жасалған ауданда орнатылған бейнекамералардың жазбаларын қарау кезінде қаскүнемдер жүріп келе жатқан автомашинаны байқап, одан әрі «Автоураган» кешенінің көмегімен қарақшылардың Көкшетаудан шығатын жолға шыққанын анықтады.

Тонауды «ізін суытпай» ашу үшін сағат 21.23-те полиция қызметкерлері «ұстап алу» жоспарын енгізді: патрульдік полиция батальонының жасақтары көлікті ұстауға бағытталды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде, 5 минуттан кейін «Тұлпар-10» экипажы жоғарыда аталған көлікті Нұр-Сұлтан-Петропавл автожолының 290 шақырымында ұстады.

Қазіргі уақытта тергеу кезеңінде 32 және 25 жастағы екі күдікті қамауға алынды. Ұсталған кезде күдіктілерден ақшалай қаражат табылып, тәркіленді, автокөлік айыппұл тұрағына қамалды.
Қылмыстық істі тергеу жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру