Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда бір тәулік ішінде мас күйде көлік басқарған жеті жүргізуші анықталды

Атырауда бір тәулік ішінде мас күйде көлік басқарған жеті жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 шілде күні Атырау қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері түнгі кезекшілік кезінде масаң күйде көлік құралын басқарған жеті жүргізушіні анықтады.

Аталған факті бойынша жеті азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігіне (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) сәйкес, әкімшілік хаттамалар толтырылып, мамандандырылған сот шешімімен 7 жыл мерзімінде көлік басқару құқығынан айырылып, 15 тәулік әкімшілік қамауға алынды.

Еске сала кетейік, жыл басынан бері масаң күйде көлік басқарған 200-ден астам жүргізуші анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру