Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері студенттермен кездесті

Ақмола полицейлері студенттермен кездесті, – деп хабаралайды Polisia.kz.

Ақмола полицейлері облыс орталығының жоғары оқу орындарының студенттерімен тұрақты түрде кездесіп тұрады. Бұл жолы сұхбат алаңы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті болды. ЖОО акт залында тәртіп сақшыларымен кездесуге заң факультетінің 3 және 4 курс студенттері шақырылды.

Кәсіби бағдар беру жұмысы аясында департамент бастығының орынбасары Бақтияр Сүлейменов жастарға полиция қызметкерлерінің қызметі туралы айтып, оларды қызметке шақырды.

Студенттер тергеушілер мен анықтаушылардың күрделі, бірақ өте қызықты жұмысы туралы хабардар болды. Әңгіме қызықты өтті. Жастарды құқық қорғау органдарына қызметке орналасу шарттары, сондай-ақ жаңа қызметкерлерге қойылатын талаптар, ал оқытушыларды университет студенттерінің практикадан өту мәселесі қызықтырды.

Кездесу барысында полиция қызметкері ақмолалық тәртіп сақшыларының жетістіктері туралы айтып, полицияда тек жігіттер ғана емес, қыздар да табысты жұмыс істей алатынын атап өтті.

Мысал ретінде Бахтияр Ерденұлы Ресей ІІМ басқару академиясында оқып жатқан департаменттің аға криминалисті Зарина Жұманбек туралы айтып берді. Осы жылдың мамыр айында Мәскеу қаласында ең жақсы қасиеттерді көрсете отырып, ол баланы трамвай доңғалақтарының астынан құтқарып қалды.

Ректордың кеңесшісі Аманбай Сейітқасымов ақмолалық полицейлерге қызықты диалог үшін алғысын білдіріп, осындай кездесулердің маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру