Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да пәтер ұрлығы 28%-ға төмендеді

СҚО-да пәтер ұрлығы 28%-ға төмендеді, – деп хабаралайды Polisia.kz.

2021-2022 жылдары СҚО-да жеке күзет ұйымдарымен күзетілетін бірде бір пәтерге ұрылар ұрлыққа түспеген. Бұл туралы СҚО ПД жеке құрамына күзет ұйымдарының өкілдері мәлімдеген. Олар орнатылатын құрылғылардың бағалары көрсетілген кітапшаларды таратып, дабыл жүйесін смартфон арқылы басқару мүмкіндігін түсіндірді. Үй күзетке тұрақты түрде, демалыс, іссапарлар кезінде де қосуға болады. Кездесуді СҚО Полиция департаменті Күзет қызметін бақылау бөлімінің қызметкерлері ұйымдастырды.

Мақсаты – жеке құрамның арасында пәтерлерін күзетке қосу туралы түсіндіру жұмысын жүргізу ғана емес, облыста пәтер ұрлықтарын азайту үшін полицейлерге халықпен жұмыс жасаған кезде пульттік күзеттің артықшылықтарын түсіндіру жөнінде ұсыныс берілді. Қылмыстың осы түріне қарсы күресте айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Өткен жылмен салыстырғанда, бұл қылмыс саны 28%-ға жуық төмендеген. Жалпы жыл басынан 282 осындай қылмыс тіркелген. Оның 82-сі үйге заңсыз кірумен байланысты ауыр қылмыстар.

– Қазіргі таңда пәтер ұрлықтарының басым бөлігі спирттік ішімдіктерді бірлесе отырып ішкеннен кейін, еркін түрде алып кету арқылы жасалады. Ауыр ұрлықтың азаюына техникалық нығайту да әсер етеді. Бүгінгі таңда облыста 1183 пәтер мен үй күзетіледі. Оларға бірде бір қылмыстық қол сұғушылық жасалған жоқ. Тағы бір тиімді шара – үй аулары мен кіреберістерінде бейне бақылау орнату. Камералар қылмыскерлерге тосқауыл болады, ұрлық пен қоғамдық тәртіптің басқа да бұзушылықтарын ашуға көмектеседі. Сондай-ақ, үйдің есіктеріне сенімді құлыптарды орнату қажеттігі туралы еске саламыз. Ұйықтамай тұрып немесе жұмысқа кетер алдында есіктің жабық тұрғанына көз жеткізіңіз. Бірінші қабатта тұратын тұрғындар терезедегі торларды орнатқан жөн. Өз мүліктеріңізге сақ болу – қылмыстық қол сұғушылықтан қорғайтын ең тиімді шара, – деді СҚО Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру