Ақмола полицейлері TikTok арқылы мотоцикл ұрлығын ашты
Ақмола полицейлері TikTok арқылы мотоцикл ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
16 тамызда Целиноград ауданының полиция бөліміне Тайтөбе ауылының тұрғынының қоршалмаған жеке аумақтан белгісіз тұлғалар 220 мың теңге көлемінде залал келтіріп, DAYUN мотоциклін ұрлап кеткені туралы өтініші келіп түсті.
Аталған факті бойынша полицейлер ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Жедел-іздестіру іс-шараларының кешені аясында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері OLX, Kolesa интернет-ресурстарына, сондай-ақ әлеуметтік желілерге талдау және мониторинг жүргізді, жедел уәкілдер ұрылар екі дөңгелекті көлікті сатуға қоюлары мүмкін деп болжады.
TikTok қосымшасын бақылау кезінде полиция жас жігіттің көрермендерге қайта жабдықталған мотоциклдерді көрсетіп жатқанын байқады, олардың біреуінің маркасы мен сыртқы көрінісі ұрланған адамның мотоцкиліне ұқсас болды. Иесі көлігін таныған соң, полиция аккаунт пен видео авторын анықтады, ол осы мотоциклді хабарландыру арқылы сатып алған. Содан кейін жедел уәкілдер сатушыларды да тапты, олар 16, 15 және 14 жастағы елордалық үш жасөспірім болып шықты. Олардың үлкені өткен жылы мүліктік қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Сонымен қатар, тергеу барысында 15 тамызға қараған түні кәмелетке толмағандар Тайтөбе ауылының басқа тұрғынынан мотоцикл ұрлағандары анықталды. Бұл жағдайда шығын 550 000 теңгені құрады. Ұрланған мотоциклдерді жасөспірімдер қайта сатқан немесе айырбастаған.
Қазіргі уақытта екі факт бойынша да тергеу жүріп жатыр.