Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицейлер оқушылармен кездесті

Елордалық полицейлер оқушылармен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz

Елорданың барлық жалпы білім беру мекемелерінде кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша “Жалпыға бірдей құқықтық оқыту” республикалық акциясы өткізілуде.

Аталған іс-шара кәмелетке толмағандардың құқықтарын қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға және олардың арасында қылмыстың алдын алуға бағытталған.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті бастығының орынбасары Мұратжан Шакеров №1 мектеп-лицейінің 9-11 сынып оқушыларымен кездесті. Кездесу барысында Мұратжан Шакеров оқушыларға өз құқықтарын қорғауға бағытталған заңнамадағы негізгі өзгерістерді, қылмыстық жауапкершіліктің басталу жасы туралы айтып берді.

Сондай-ақ, ол есірткі құралдарының адам денсаулығы мен өміріне тигізетін зияны туралы да еске салды. Департамент бастығының орынбасары қылмыстың құрбаны болмау керектігін айтып, жасөспірімдерді өз құқықтарын қорғау үшін қайда жүгінуге болатынын айтты. Оқушылар да өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру