Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық учаскелік инспекторы 24-ші қабаттан секірмек болған әйелді құтқарып қалды

Елордалық учаскелік полиция инспекторы 24-ші қабаттан секірмек болған әйелді құтқарып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нұр-Сұлтан қаласы ПД Байқоңыр ауданының УПП-27 учаскелік полиция инспекторы Қуаныш Мирзаев көпқабатты үйдің биіктігінен секіріп, өзіне қол жұмсамақшы болған әйелді құтқарып қалды.

Полицияның “102” арнасына Уәлиханов көшесінің бойында 24-ші қабаттың сыртқы ернеуінде әйелдің отырғаны туралы қоңырау келіп түсті. Оқиға орнына автопатруль жіберілді. Осы уақытта учаскелік инспектор Қуаныш Мирзаев өзінің әкімшілік учаскесінде болатын. Оқиғаны естіген ол уақыт жоғалтпай, көрсетілген үйге жүгіріп барып, әйелдің шынында өлімге қадам жасамақ болғанын көреді.

Санаулы секундта Қуаныш Мирзаев жоғарғы қабатқа көтеріліп, формасын шешіп тастайды. Техникалық қабаттың кішкентай терезесі арқылы сыртқы ернеуіне көтеріледі. Арадағы қашықтық бір метрден астам болған. Білдіртпей әйелдің артынан келіп, қолынан мықтап ұстап тұрған. Жас әйел қатты жылап, полицейден босап шығуға тырысқан. Осы уақытта құтқарушылар да келеді. Олар бірге қызды терезе арқылы қауіпсіз жерге алып шықты.

Қазіргі уақытта полицейлер 27 жастағы қала тұрғынын мұндай әрекетке не итермелегенін анықтауда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру