Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сарыағаштық полицейлер той кортежінде жол ережесін бұзған жүргізушілерді жауапқа тартты

Сарыағаштық полицейлер той кортежінде жол ережесін бұзған жүргізушілерді жауапқа тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желіге, оның ішінде Telegram арнасына мониторинг жүргізу кезінде Сарыағаш ауданындағы құқық бұзушылықты анықтады. Яғни, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, арнайы дыбыстық белгілері бар құрылғыны заңсыз орнатып, мемлекеттік нөмірсіз жүрген бірнеше белгісіз автокөліктер туралы бейнежазба назарға алынды.

Осы оқиға бойынша бірден тексеруге шыққан полицейлер Түркістан облысы тұрғындарының бірі Шымкент қаласынан арнайы сигналдар (СМУ) және тіркелмеген нөмірлік белгілермен жабдықталған Lexus 470 автокөлігін жалдағанын анықтады. Осылайша аталған той кортежіне қатысқан, жол ережесін бұзушы автокөліктерді анықтауға бағытталған жұмыстар жан-жақты жүргізілді.

Рейдтік іс-шаралар барысында Сарыағаш АПБ ЖПҚ қызметкерлері бейнежазбадағы Lexus 470, BMW және Lada-21144 көліктердің жүргізушілерінің жеке басын анықтап, жауапкершілікке тартты. Жоғарыда аталған барлық автокөлік құралдары айыптұраққа қойылды. Lexus 470 жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігі (Көрінеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар көлік құралын басқару) және ҚР ӘҚБтК-нің 603-бабының 3-бөлігі (Көлік құралына арнайы жарық және (немесе) дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды орнату қағидаларын бұзу не арнайы түсті-графикалық белгілерді заңсыз жазу) бойынша әкімшілік хаттамалар түзілді. Жүргізушіге қатысты жиналған материалдар Сарыағаш аудандық әкімшілік сотына заңды шешім қабылдау үшін жолданды.

Сондай-ақ, BMW және Lada-21144 жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 2-бөлігі (Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері (белгісі) жоқ көлік құралын басқару) бойынша әкімшілік шарасы көрілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру