Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері тонауға қатысы бар күдіктілерді қолға түсірді

Ақмола полицейлері тонауға қатысы бар күдіктілерді қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 ақпан күні Целиноград ауданының полиция бөліміне Талапкер ауылының 21 жастағы тұрғыны сағат 02:40 шамасында Сарыарқа – Құрманғазы көшесінің қиылысында белгісіз адамдар оның IРhone 11 телефонын ашық түрде ұрлап кеткені туралы өтініш білдірді. Келтірілген залал сомасы 298 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Талапкер ауылының 18 және 20 жастағы екі тұрғыны, елордалық колледждердің бірінің студенттері анықталып, ұсталды. Түнгі уақытта күдіктілер ауыл ішінде көлікпен серуендеп келе жатқан. Адамдар жоқ көшеде өтініш берушіні көріп, бейтаныс адамға қарай бет алған. Жігіттің бетінен бірнеше рет ұрған күдіктілер одан қымбат гаджетті тартып алып, жасырынған.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Заттай дәлел – телефон тәркіленді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру