Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері үйден ұрлық жасаған күдіктілерді ұстады

Ақмола полицейлері үйден ұрлық жасаған күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 қазанда Біржан Сал ауданының полиция бөліміне елорданың 31 жастағы тұрғыны биылғы жылдың 22 қыркүйегі мен 1 қазаны аралығында белгісіз біреулер Макинка ауылындағы үйден шойын батареялары мен құбырларды ұрлап әкеткені туралы өтінішпен жүгінді. Залал сомасы 200 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілердің жеке басы анықталды.

31, 38 және 40 жастағы үш адам қаскөйлердің бірінің үйінің жанында орналасқан үйге қосалқы кіреберіс арқылы кіріп, ұрлық жасаған. Кувалданы пайдаланып, тұрғын емес үйден батареяларды, құбырларды, металл бұйымдарды алып шыққан.

Ұрланған заттарды Бұланды ауданының Макинск қаласындағы металл қабылдау пункттерінің біріне тапсырғандары анықталды. Түскен ақшаны қажеттеріне жұмсаған.

Осы факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Күдіктілер Біржан сал ауданы ПБ УҰИ-на қамауға алынды. Қатысушылардың осыған ұқсас қылмыстар жасауға қатысуы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру