Ақмола полицейлері «Заңсыз такси» ЖААІШ аясында ЖҚЕ-нің 40 бұзушылығын анықтады
Ақмола полицейлері «Заңсыз такси» жедел алдын алу іс-шарасы аясында ЖҚЕ-нің 40 бұзушылығын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
11 мамырдан бастап жол полициясы қызметкерлерінің назары жолаушылар тасымалы саласындағы құқық бұзушылықтарға бағытталған. Полицейлер жол құжаттамасының болуын, жүргізушілердің медициналық тексеруден өтуін, автомобильдің техникалық жарамдылығын, жол жүрісі ережелерінің, оның ішінде жолаушыларды тасымалдау ережелерінің сақталуын, сондай-ақ Ақмола облысының аумағында жолаушылар тасымалының заңдылығын тексереді.
Айта кету керек, «Заңсыз такси» ЖПІШ-тің алғашқы күнінде полицейлер жол қозғалысы ережелерінің 40 бұзушылығын анықтады.
ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 2-бөлігі (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) бойынша әкімшілік жауапкершілікке 7 жүргізуші тартылды. 2 жүргізуші балаларды арнайы ұстағыш құрылғыларсыз тасымалдады.
Іс-шараны өткізу барысында жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың 7 дерегі анықталды.
Полицейлер көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамдардың басқару фактілерін анықтауға ерекше назар аударады. ЖПІШ барысында осындай екі факт анықталды. Көлік құралын басқару құқығынан айырыла отыра көлік жүргізген бір жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама құрылды.
Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыстың жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жүргізушілердің жол жүрісі ережелерінің талаптарын сақтауына жеңіл көлік таксилерді тексеру жұмысын жалғастырады.