Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да қараусыз жүрген жылқының кесірінен жол апаты болды

СҚО-да қараусыз жүрген жылқының кесірінен жол апаты болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО полицейлері қала сыртындағы жолдардағы жол-көлік оқиғаларының алдын алуға ерекше назар аударады.

12 мамырға қараған түні Имантау-Шалқар курорттық аймағы орналасқан Айыртау ауданында жылқының жүріс бөлігінде кенеттен пайда болуы жергілікті маңызы бар Еленовка – Чистополье автожолында жол апатына себеп болды. Жылқыны Көкшетау қаласының 59 жастағы тұрғынының басқаруындағы Ford көлігі соғып кеткен, жүргізуші жиенімен бірге үйіне қайтып келе жатқан. Жүргізуші де, жолаушы да зардап шеккен жоқ. Автокөлікке материалдық шығын келді. Еркін жайылымға жол берген шопанға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабының 2-бөлігі бойынша хаттама жасалды.

– Демалыс маусымында қала сыртындағы трассаларда қозғалыс дәстүрлі түрде артып барады және мұндай оқиғалардың алдын алу жол қауіпсіздігін нығайтудың маңызды құрамдас бөліктерінің біріне айналуда. Учаскелік полиция инспекторлары қозғалысқа қатысушыларға қауіп төндіретін және мал ұрлығына жағдай жасайтын еркін жайылым фактілерімен күресуге бағытталған. Жыл басынан аудан аумағында ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша 56 хаттама жасалды, – дейді Айыртау аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Марат Серкешев.

Барлығы 4 айдың қорытындысы бойынша СҚО-ның 722 тұрғыны қаңғыбас мал үшін жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру