Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында жалған нөмірмен көлік басқарған жүргізуші ұсталды

Жамбыл облысында жалған нөмірмен көлік басқарған жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11-14 мамыр аралығында Жамбыл облысы аумағында көлік жүргізушілер арасында тәртіпті арттыру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында “Қауіпсіз жол” жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр.

11 мамыр сағат 12:30 шамасында Талас ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен профилактикалық жұмыстар жүргізу барысында Тараз – Аса – Ақкөл тас жолының бойында қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірі бар Audi-80 автокөлігін басқарған 27 жастағы Тараз қаласының тұрғыны ұсталды.

Көлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 3-бөлігі (Көлiк құралына көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiн (белгiсiн) орнату) және 590-бабы 4-бөлігі (Көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару, сол сияқты мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiн (белгiсiн) сәйкестендіруге кедергі келтіретін не олардың түрін өзгертетін немесе жасыратын құрылғылар мен материалдар қолданыла отырып жабдықталған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданды. Сот шешіміне сәйкес, құқық бұзушы көлік құралын басқару құқығынан бір жыл мерзімге айырылып, 3 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі тәркіленіп, автокөлігі айыптұраққа қойылды. Сондай-ақ жүргізушіге 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Жамбыл облысы полиция департаменті көлік жүргізушілеріне жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру