Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астаналық азамат отбасындағы жанжал үшін 10 тәулікке қамауға алынды

Астаналық азамат отбасындағы жанжал үшін 10 тәулікке қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“102” арнасына елорданың 38 жастағы тұрғынынан хабарлама келіп түсті. Жәбірленушінің айтуынша, оның 39 жастағы күйеуі үйде жанжал шығарып, оны қорлаған.

Астаналық азамат үйіне алкогольдік масаң күйде келіп, жанжал шығарып, әйеліне қатысты балағат сөздер айтып, оның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлап, сол арқылы психологиялық зорлық-зомбылық көрсеткені анықталды.

Белгілі болғандай, бұл отбасында болған жанжалдың алғашқы оқиғасы емес.

Аталған дерек Алматы ауданы ПБ учаскелік инспекторы құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігі (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен ер адам 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Астана қаласының полиция департаменті егер сіз зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз, дереу полицияға “102” телефоны немесе әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің сенім телефоны 8-(7172)-71-60-63 арқылы хабарласуыңыз қажет екенін хабарлайды, онда полиция қызметкерлері сізге консультативтік-құқықтық көмек көрсетеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру