Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері жанып жатқан пәтерден тұрғындарды құтқарды

Ақмола полицейлері жанып жатқан пәтерден тұрғындарды құтқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызметтік іссапарда болған кезде Степногорск қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция взводы қызметінің инспекторы Еламан Еслям әріптесі патрульдік полиция полкінің қызметкері Мекенбай Нағашыбекпен бірге Сығанақ көшесіндегі жанып жатқан көпқабатты үйдің тұрғындарын эвакуациялау бойынша құтқару операциясына қатысты.

Оқиға 11 маусым кешкі уақытта болды. Астана қаласы аудандарының бірін патрульдеу кезінде полицейлерге жақын маңдағы шағын ауданда тұрғын үйде өрт болып жатқаны туралы ақпарат келіп түсті. Жақын жерде болған Еламан әріптесімен бірге оқиға орнына бірінші болып барды.

Полиция қызметкері 4-қабаттағы жанып жатқан пәтердің терезесін көріп, үйдің иелері кетіп үлгергеніне көз жеткізу үшін бірден кіреберіске жүгірді. Осы уақытта оның әріптесі көшедегі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

Жанып жатқан пәтердің тұрғындары қауіпсіз эвакуацияланғанына көз жеткізген Еламан басқа пәтерлердің есіктерін қағып, эвакуациялауға көмектесе бастады. Полицейдің айтуынша, ол іс жүзінде өзі қозғала алмайтын қарт адамды қолына алып көтеріп шыққан, сонымен қатар ана мен баланы қауіпсіз жерге шығарып, көмектескен. Өрт сөндірушілер келгенге дейін полиция қызметкерлері өрт шыққан жерде болып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру