Ақмола полицейлері жарнамалық сайт арқылы жасалған алаяқтық дерегін тергеп жатыр
Ақмола полицейлері OLХ жарнамалық сайты арқылы жасалған алаяқтық деректерін анықтауды жалғастырып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
14 мамыр күні Целиноград ауданының тұрғыны полиция бөліміне өтініш білдіріп, алаяқтық туралы хабарлады.
Жәбірленушінің айғақтары бойынша, белгісіз ер адам өзіне тиесілі 325 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражатты алаяқтық жолмен иемденген. OLХ сайтында жаңа скутердің сатылымы туралы хабарландыруды көрген жәбірленуші оның авторымен байланысқа шыққан.
Алаяқ тауарды 150 мың теңгеге ұсынған, арзан баға сатып алушыны қызықтырып, қаражатты аударған. Кейінірек сатушы тауардың шетелде екенін және оны жеткізу, сондай-ақ кедендік декларациядан өткізу үшін қосымша ақша қажет екендігін мәлімдеген. Залалдың жалпы сомасы 325 мың теңгені құрады.
Полиция бөлімі бұл деректі ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркеді.
Тергеу жүргізіліп жатыр.