Ақмола полицейлері ЖБО камераларының көмегімен бірнеше сағат ішінде болжамды велосипед ұрысын анықтады
Ақмола полицейлері ЖБО камераларының көмегімен бірнеше сағат ішінде болжамды велосипед ұрысын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
26 шілде күні Көкшетау қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне 48 жастағы жергілікті тұрғыннан белгісіз адамдар 26 шілдеде сағат 14:30 шамасында үйдің ауласынан еркін кіру жолымен Стелс маркалы велосипед ұрлағаны туралы арыз келіп түсті.
Аталған дерекке қатысты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.
Көкшетау қаласы полиция басқармасының барлық жеке құрамы бойынша ұрланған велосипедке дереу бағдарлау жіберілді.
Бағдарлаудың назар аударарлық жері – велосипед күрең қызыл түсті болды және бұл іздестіруді жеңілдетті.
Нәтижесінде арыз түскеннен кейін бірнеше сағаттан соң полицейлер бейнебақылау камераларының арқасында велосипедтің ізіне түсті.
Бірнеше минуттан кейін патрульдік полиция батальонының қызметкерлері осы велосипедті басқарған адамды анықтады. Оның қылмысқа қатысы қазіргі уақытта полицейлермен тексеріліп жатыр.
Полиция қызметкерлері азаматтардан бағалы заттарды сақтау үшін қажетті шараларды қолдана отырып, өз мүлкіне ұқыпты қарауды, оны бөгде адамдар үшін қол жетімді жерлерде қалдырмауды сұрайды.