Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейде жазасын өтеп жатқан азамат аптап ыстықта сотталғандарға арнап қазақтың көжесін дайындады

Семейде жазасын өтеп жатқан азамат аптап ыстықта 160 сотталғанды қазақтың көжесімен тамақтандырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сотталғандарға арналған мекеме асханасының аспазшысы – тағам дайындау бойынша маман технологтік-жоғары білімі бар кондитер Серік (есімі өзгертілді) “Қазақстан аспаздар қауымдастығы” қоғамдық бірлестігінің бұрынғы мүшесі, Семей қаласындағы қауіпсіздігі аралас колонияның өндірістік аймағының цехтарында жұмыс істейтін сотталғандарға арнайы рецепт бойынша қазақтың салқын сусыны-көже дайындады.

Анам үнемі осындай көже пісіреді. Осы жазда ауа райы ыстық. Ыстық ауа райында адам тек салқын сусындарды ішеді, тамаққа тәбеті болмайды. Осы ыстықта өндірістегі жұмысшыларға әрі сусын, әрі тамақ болатын көже дайындау туралы ой келді. 40 литр көже әзірлеп, 160 сотталғанды тамақтандырдым. Колонияда менің мамандығым маған демеу, көмек. Мен жасаған тағамды мақтап, рахаттанып жегенді ұнатамын. Қамауға дейін әйелім екеуміз ауқатты адамдар ғана емес, қарапайым адамдар да бара алатын шағын мейрамхана ашуды армандадық. Әйелім мені қолдаусыз қалдырмай, жүйелі түрде келіп тұрады, сол үшін мен оған шексіз ризамын, – деді Серік.

Серік бұған дейін Алматы қаласындағы мейрамханалардың бірінде меңгеруші болып жұмыс істеген, бір күні қарамағындағы қызметкерімен арасында төбелес шығып, оның соңы қарамағындағы қызметкердің өлімімен, ал Серік үшін 11 жыл бостандықтан айырылумен аяқталған. Серіктің айтуынша, марқұмның орнында оның болуы да мүмкін еді.
Ал 2020 жылы 8 наурыз мерекесіне орай Нұрсұлтан есімді сотталған кондитер онкологиялық дертке шалдыққан әйелдерге арнап үлкен торт пісіріп, мекеме басшылығы арқылы науқастарға табыс етті.

– Мен адамдарға пайда мен қуаныш сыйлағаныма өте қуаныштымын және мен осында болғаныма қарамастан, әлі де пайдам тигізе аламын. Берілген мүмкіндіктер үшін мекеме басшылығына алғыс айтамын, – дейді кондитер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру