Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері жол апаты құрбандарын еске алу күні қарсаңында қан тапсырды

Ақмола полицейлері жол апаты құрбандарын еске алу күні қарсаңында қан тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола полицейлері Дүниежүзілік ЖКО құрбандарын еске алу күні аясында “Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы” кең ауқымды акциясын ерекше қорытындылады. Жыл сайын ЖКО салдарынан жүздеген ақмолалық қаза тауып, жарақат алады. Тек өткен 10 айдың ішінде облыс жолдарында 486 жол апаты тіркеліп, 743 адам зардап шекті, 89 адам қаза тапты. Осы статистиканың маңыздылығын ескере отырып, полиция қызметкерлері ЖКО құрбандарын еске алу күні донорлық қанды жаппай тапсыру бойынша акция өткізді, оған Ақмола облысы полиция департаментінің патрульдік полиция қызметкерлерінің барлық құрамы қатысты.

Алғашқылардың бірі болып жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Уәлихан Жүніспеков қан тапсырды. Ол тұрғындар мен полиция қызметкерлерін қан тапсыруға шақырды. Тұрақты донорлар да, жаңадан келгендер де қанын тапсырды.

– Бүгін патрульдік полиция батальонының жеке құрамы өз еркімен қан тапсыру акциясына қатысты. Күнделікті жол қозғалысын бақылауды жүзеге асыра отырып, полицейлер жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге қырағы болуды ескертеді, алайда жол-көлік оқиғалары жиі кездеседі. Зардап шеккендерге кез келген көмек қажет, сондықтан бүгінгі акция өте маңызды, – деп атап өтті облыстық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Уәлихан Жүніспеков.

Бұдан басқа, “Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы” шеңберінде жоспарланған іс-шаралардың ішінде Абылай хан алаңында ТЖД қызметтік көліктерін, жедел жәрдем мен патрульдік көлік құралдарын көрсете отырып, ЖКО-да қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алу рәсімі болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру