Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полициясының басшысы Бурабай және Зеренді аудандарына барып қайтты

Ақмола полициясының басшысы Бурабай және Зеренді аудандарына барып қайтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция департаментінің бастығы Бурабай және Зеренді аудандарына жұмыс сапарымен барды.

Думан Таев атап өткендей, мұнда курорттық аймақтар орналасқан. Бұл жерге басқа облыстардан, сондай-ақ көрші елдерден туристер келеді.

Жеке құраммен кездесу алдында бас ақмолалық полицей аудан тұрғындарымен жеке қабылдауда кездесті. Бурабай ауданында интернет-алаяқтықтың құрбаны болған жергілікті тұрғын бас полицейге жүгінді. Банк қосымшасының мәліметтерін үшінші тұлғаға бере отырып, ол 50 мыңнан астам теңгеден айырылды. ПД бастығы аудандық бөлімнің бастығына осы қылмыстық істі қарауды тапсырды.

– Айта кету керек, Полиция департаменті ақпараттық жүйелердің көмегімен жасалатын алаяқтықтың алдын алу бойынша ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Алайда азаматтар қаскөйлердің арбауларына түсіп қалуда. Облыс тұрғындарынан қырағы болуды және банк карталарының деректерін, cvv-кодтары мен қосымшалардың құпия сөздерін бөгде адамдарға хабарламауды сұраймын, – деп атап өтті Думан Әшкенұлы.

Тағы бір жергілікті тұрғын ұрлықты ашқан Бурабай АПБ қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Руслан Маратұлының айтуынша, 5 маусымда Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі республикалық референдумда дауыс беруге көлікпен шыққан ол өзінің Audi 80 автокөлігінен қосалқы бөлшектердің ұрланғанын анықтаған. Полицейлердің кәсібилігі мен үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында ұрлық «ізі суымай» ашылды. Аталған қылмысты ашуға қатысқан қызметкерлер көтермеленетін болады.

Щучинск қаласының белсендісі Жәнібек Еділжанұлы ПД бастығына өтініш білдіріп, қаңғыбас иттерді аулау туралы мәселені көтерді. Щучинск тұрғыны қаңғыбас иттердің шабуыл жасау жағдайлары жиілеп кетті деп шағымданады. Жеке қабылдауға қатысқан Бурабай ауданының әкімі А.Мұздыбаев ауданда болашақта қаңғыбас иттерге арналған питомник салу жоспарланғанын атап өтті.

Жұмыс сапары барысында Думан Таев Бурабай АПБ материалдық-техникалық жабдықталуымен танысты. Қызметтік автокөлікті қарап, жылқы ауласында болды, онда жылқыларды ұстау жағдайларын тексерді. Бөлімшенің жеке құрамымен кездесіп, ол өзінің жұмысқа деген талаптарын жеткізді.

Кеңес барысында 6 айдағы жедел-қызметтік жұмыстың қорытындысы шығарылды. Полицейлер бар кемшіліктерді талқылап, оларды жою жолдарын белгіледі. Кездесу соңында жемісті ынтымақтастығы үшін Бурабай ауданының әкімі А.Мұздыбаева «Қазақстан полициясына 30 жыл» төсбелгісімен марапатталды.

Сол күні Ақмола полициясының басшысы Зеренді ауданында болды. Бұл жерде Думан Әшкенұлы белсенді азаматтық ұстанымы және ішкі істер органдарына көрсеткен көмегі үшін Зеренді ауданының тұрғыны Дмитрий Семенович Куликовты алғыс хатпен және бағалы сыйлықпен марапаттады.

Жедел-қызметтік іс-әрекеттің қорытындылары бойынша кеңес өтті. Кездесу барысында облыстық департамент бастығы жеке құрамды қойылған міндеттерді сапалы орындауға бағыттап, тәртіп пен заңдылықты сақтауға назар аударды. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, «2021-2023 жылдарға арналған мүлікті қорғау» және «интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл» ведомстволық бағдарламаларын іске асыруға ерекше назар аударды.

Кеңес соңында «Қазақстан полициясына 30 жыл» төсбелгісімен Зеренді аудандық ПБ бастығының міндетін уақытша атқарушы Ж. Уәлиев марапатталды.

Зеренді ауданында ПД бастығы жеке қабылдау барысында ауданның 3 тұрғынымен кездесті. Юрий Михайлович Васильев туристік полиция қызметкерлеріне тағы бір қызметтік автокөлік бөлуді сұрады. Думан Әшкенұлы бұл мәселені шешуге уәде берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру