Ақмола ҚАЖД-да Ауған соғысының ардагері орденмен марапатталды
Ақмола ҚАЖД-да Ауған соғысының ардагері орденмен марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола облысы бойынша ҚАЖД ЕЦ-166/4 мекемесінде 1979-1989 жылдардағы Ауған соғысының ардагері Елена Бирюкованы салтанатты түрде құттықтады.
Ресей өкілдігі, интернационалист-жауынгерлер бірлестігінің Омбы қалалық қоғамдық ұйымы Елена Бирюковаға I дәрежелі «Ауғанстан Демократиялық Республикасының жұлдыздары» орденін тапсырды.
Орденді Елена Ауғанстаннан әскерлердің шығарылғанына 30 жыл толуына орай алуы керек еді. Тоқтамайтын шектеулерге байланысты ардагерді құттықтауға қазір ғана мүмкіндік туды.
Елена Васильевна 2014 жылдың тамыз айынан бастап ЕЦ-166/4 мекемесінде медбике болып жұмыс істейді. 1986 жылдың шілдесінде өз еркімен Ауғанстан Республикасындағы кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті құрамында Кабул қаласының қабылдау-диагностикалық бөлімшесінің инфекциялық госпиталіне жұмысқа барды.
Жас медбикелер соғысқа барған кезде не көргенін айту қиын. Елена бұл туралы сөз қозғағысы келмейді.
– Иә, бұл оңай болған жоқ, күндіз-түні жарақат алғандармен жұмыс істедік, ота жасауға көмектестік, біздің жігіттерді қатарға қайтардық, – деп еске алады әскери медбике Бирюкова.
Жас әріптестерінің өтініші бойынша Елена сол күндердегі естеліктерімен бөлісті, залда бірнеше минутқа тыныштық орнады.
– Біз сарбаздарға, сержанттарға, офицерлерге, ерлік, батылдық пен жоғары патриотизм көрсеткен, Отан алдындағы әскери және азаматтық борышын өтеген адамдарға терең құрмет көрсетеміз, – деді колония бастығының орынбасары Жеңіс Ибраев.