Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола тұрғыны көлік сатып аламын деп алаяққа алданып қалды

Ақмола тұрғыны көлік сатып аламын деп алаяққа алданып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 қазанда Целиноград ауданының полиция бөліміне Бурабай ауданының 22 жастағы тұрғыны 4 қазанда оның танысы, Ақмол ауылының 38 жастағы тұрғыны алаяқтық жолмен 3,5 млн теңгені иеленгені туралы өтінішпен жүгінді.

Жәбірленушінің айтуынша, танысы оған шетелдік көліктің суретін көрсете отырып, Toyota автокөлігін тиімді бағамен сатып алуды ұсынған. Алайда сатып алу үшін ол млн теңге мөлшерінде алдын ала төлем жасауды сұраған. Бірнеше күннен кейін оған тәуелді емес себептермен мәміле бұзылғанын хабарлаған ер адам зардап шегушіге өзінің Chevrolet Colbat автокөлігін сататынын және тағы 2,5 млн теңге беруді ұсынған.

Ақшалай қаражаттың қалған бөлігін аударған ақмолалық көліксіз және ақшасыз қалып, полициядан көмек сұрады. Осы фактіге сәйкес ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру