Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада екі күнде 700-ге жуық иесіз мал арнайы қашаларға қамалды

Ақмолада екі күнде 700-ге жуық иесіз мал арнайы қашаларға қамалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28-29 қаңтарда Ақмола облысының аумағында полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерімен бірлесіп мал ұрлығының алдын алуға және оған қарсы тұруға бағытталған іс-шаралар өткізді.

Екі күннің қорытындысы бойынша иесіз жайылып жүрген 693 бас мал арнайы қашаларға қамалды, ҚР ӘҚБК 408-бабы бойынша 135 әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар, алдын алу шаралары барысында полиция қызметкерлері мал мен ет өнімдерін тасымалдайтын 45 автокөлікті тексерді.

Нәтижесінде тиісті құжаттарсыз мал тасымалдаған 12 құқық бұзушы анықталды. Сондай-ақ, бірлескен топтар ет өнімдерін сатып алу мен өткізудің 63 орнын тексерді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру