Ақмолада ер адам бөтелкелесінің әмиянынан млн теңге үптеп кетті
Ақмолада ер адам бөтелкелесінің әмиянынан миллион теңге үптеп кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аршалы АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері бұрын жасалған қылмысты ашты. Ұрлық туралы полицияға Жібек Жолы ауылының 34 жастағы тұрғыны арызданған. Ер адам 14 қарашада белгісіз біреулер одан 1 млн. 200 мың теңге сомасында ақша қаражатын ұрлап кеткенін хабарлады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталып, ол Қостанай облысының Арқалық қаласының 35 жастағы тұрғыны болып шықты. Ұсталған кезде күдікті Нұр-Сұлтан қаласында болған. Қазіргі уақытта ер адам мойындады.
Қылмыс жасалған күні күдікті мен жәбірленуші бірге спирттік ішімдіктер ішкені анықталды, оның барысында күдікті үй иесінің әмиянында болған ақшаны ұрлап әкеткен. Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.