Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада ер адамнан трамадолдың мыңнан астам таблеткасы табылды

Ақмолада ер адамнан трамадолдың мыңнан астам таблеткасы табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29 қарашадан 3 желтоқсанға дейін Ақмола облысының аумағында «Дәрмек» жедел алдын алу іс-шарасының төртінші кезеңі өтуде. Іс-шара бақылаудағы есірткі құралдарының кемуін анықтауға және жолын кесуге бағытталған.

Үш күнде ақмолалық полицейлер есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңды айналымы саласында бір қылмыстық және 8 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.Мысалы, Бұланды ауданында 26 жастағы жергілікті тұрғын тоқтатылды, одан құрамында кодеин бар трамадол дәрілік препаратының 1020 таблеткасы табылып, тәркіленді. Бұл препарат рецепт бойынша ғана сатылады және жасөспірімдер мен жастар арасында өте танымал. Оны қолдану есірткіге тәуелділікті тудырады.

Ер адамға қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі (Есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Сараптама тағайындалды.

Сонымен қатар, облыстың сегіз дәріханасында әкімшілік заңнаманы бұза отырып, дәрі-дәрмектерді рецептсіз босатуға жол берілген. Дәріханалардың фармацевтеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабы 1-бөлігі (Фармацевтикалық қызмет ережелерін бұзу) бойынша әкімшілік хаттама жасалды.

«Дәрмек» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезеңінде барлығы 3 емдеу және алдын алу мекемесі, үш қойма және 16 дәріхана тексерілді, 70 граммнан астам тыйым салынған заттар және 1155 таблетка тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру