Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада кәсіпкерлер түзеу мекемесінің өндірістік аумағын аралады

Ақмолада кәсіпкерлер түзеу мекемесінің өндірістік аумағын аралады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЕЦ-166/25 мекемесінде шағын және орта бизнес кәсіпкерлері үшін ашық есік күні өтті.

Ұсынысқа қызығушылық танытып, Зеренді ауданы, Көкшетау қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімінің, «Еңбек-Көкшетау» РМК өкілдері, облыс орталығының сегіз жеке кәсіпкері қатысты.

– Біз бизнес өкілдерімен жұмыс кездесулерін жиі өткізуге тырысамыз, өзара тиімді шарттарымызды ұсынып отырмыз, – дейді мекеме бастығының орынбасары Төлеген Бикеев,

Мекеменің өндірістік аумағын аралау барысында кәсіпкерлер қолда бар мүмкіндіктерді қарап шықты, пайдаланылмаған бос үй-жайларды, бұрын мекеме аумағында өз кәсібін ұйымдастырған кәсіпкерлердің жұмыс орындарын, өндірістік цехтарды, тігін конвейерін аралады.

Екі жылдан бері мекеменің өнеркәсіптік аймағы негізінде сәндік брусчатка, металл және ағаш бұйымдарын жасаумен айналысатын «ЖК. Арсамақов» учаскесі табысты жұмыс істейді, онда 15 сотталған жұмыспен қамтылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру