Ақмолада студентті өлтірді деген күдікпен екі ер адам ұсталды
Ақмолада студентті өлтірді деген күдікпен екі ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылғы 4 мамырда сағат 16:17-де Бурабай ауданының ПБ кезекші бөліміне Щучинск қаласының 46 жастағы тұрғынынан 3 мамыр күні сағат 21:00-де қара түсті «Мерседес-180» көлікпен үйінен шығып, осы уақытқа дейін байланысқа шықпаған 19 жасар ұлын іздестіру шараларын қабылдау туралы өтініш түсті.Аталған факті бойынша ПБ жеке құрамы бағдарланды, іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде аталған автокөлік Щучинск қаласындағы жергілікті үйлердің бірінен табылды.
Кісі өлтіру фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі іс бастады.
Бурабай ауданының ПБ қызметкерлері облыс ПД қызметкерлерімен бірлесіп осы қылмысты жасағаны үшін 20 және 22 жастағы ауданның екі тұрғынын ұстады. Олар жасаған қылмысын мойындап, адамды өлтіргеннен кейін оның денесін жасырған жерін көрсетті.