Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада заңсыз жұмыс істеген өзбекстандықтар анықталды

Ақмолада заңсыз жұмыс істеген өзбекстандықтар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Заңсыз келуші” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында ақмолалық полиция қызметкерлері заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактісін анықтады.

Ағымдағы жылдың 9 шілдесінде Ақмола облысы ПД Целиноград ауданының ПБ көші-қон қызметі тобының қызметкерлері Қосшы ауылында ішкі істер органдарында еңбек қызметіне рұқсат алмай, еңбек қызметін жүзеге асырған Өзбекстан Республикасының екі азаматын анықтады.

Ағымдағы жылдың мамыр айында Нұр-Сұлтан қаласының 19 жастағы тұрғыны визалық көші – қон порталы арқылы Өзбекстан Республикасының 30 азаматының өз мекен-жайына келгені туралы хабарлама ресімдегені анықталды, алайда келгендер көрсетілген мекен-жайда тұрмайтын болып шықты.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 394-бабының 1-бөлігі (Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Процессуалдық мәжбүрлеу шарасы: “келу міндеттемесі”.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру