Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық “аспазшы” елорда тұрғынына жоқ қызметтерді ұсынды

Ақмолалық “аспазшы” елорда тұрғынына жоқ қызметтерді ұсынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 20 шілдесінде Целиноград ауданының полиция бөлімінің кезекші бөліміне 56 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғынынан алаяқтық туралы өтініш келіп түсті.

Ер адам 5 шілдеде бейтаныс қыз “WhatsApp” мессенджері арқылы іс-шараға тамақ дайындаймын деп 10 000 теңге сомасында ақша қаражаттарын алдап алғанын айтты.Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында елорданың 35 жастағы тұрғынын анықтады. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Келу туралы міндеттеме түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру