Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында бақташы 14 бас қойды ұрлап кетті

Ақтөбе облысында ер адам жұмыс берушіге өте үлкен мөлшерде зиян келтірген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қобда ауданы, Жарық ауылында бақташы болып жұмыс істейтін 54 жастағы ер адам 14 бас қой ұрлап кеткен. Күдіктінің айтуынша, ол қойларды жайылымда белгісіз адамдарға сатқан. Жалпы шығын 500 мың теңгені құрады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 189-бабы 1-бөлігі (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция қызметкерлері тұрғындарға шаруашылықтарындағы малдың сақталуына бақылауды күшейту туралы өтініш жасайды. Бұдан басқа, қолда бар барлық мал басын ауылдық әкімшіліктерде есепке қою, әрбір басын таңбалау және бегілеу қажет. Елді мекендерде ұйымдастырылған табындарды елемеудің қажеті жоқ. Малды ұйымдастырылған табындарға бере отырып, сіз, ең алдымен, өзіңізді мал ұрлығынан қорғайсыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру