Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтанда полиция қызметкерлері қарақшыны “ізін суытпай” ұстады

Нұр-Сұлтанда полиция қызметкерлері қарақшыны “ізін суытпай” ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түнгі уақытта 102 арнасына 18 жастағы қала тұрғыны оның Iphone XR ұялы телефонын тартып алып кеткендігі туралы хабарласты.

Тергеу барысында жәбірленушінің әлеуметтік желілерде жігітпен танысқаны анықталды. Хат алмасу барысында олар офлайндағы кездесу туралы уәделескен. Жаңа танысын қонаққа шақырған жігіт үйінде тоналған. Күдікті үй иесін зорлық-зомбылықпен қорқытып, оның ұялы телефонын алып кеткен. 

Қарақшыны ұстау үшін полиция қызметкерлері кешенді жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, оның нәтижесінде күдіктіні қолға түсірген. Ол 2020 жылы ақша бопсалағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған 27 жастағы жігіт болып шықты. Күдікті өз кінәсін толық мойындап, Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұрланған телефонды кездейсоқ адамдарға сатып үлгерген.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру