Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық полицейлер ардагерді 70 жылдық мерейтойымен құттықтады

Ақмолалық полицейлер ардагерді 70 жылдық мерейтойымен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 сәуірде Ақмола облысы Полиция департаментінде ІІО ардагері отставкадағы милиция полковнигі Айдуш Қасымовқа құрмет көрсетілді. Ведомство басшылығы мен ІІО және ҰҰ ардагерлер кеңесінің төрағасы Дәуітбек Нұрғалиевке ардагерге 70 жылдық мерейтойымен құттықтау сөз берілді.

Жас полиция қызметкерлерімен тәрбие жұмысына көмек көрсеткені, сондай-ақ ардагерлер кеңесінде белсенді жұмысы үшін және мерейтой құрметіне Қазақстандық ІІО және Ұлттық ұланның ардагерлер ұйымы төрағасының атынан департамент бастығының орынбасары Бақытжан Ералин мерейтой иесіне “ІІМ органдарының құрметті ардагері” төсбелгісін табыс етті.

Бақытжан Ерболатұлы ардагерді мерейтойымен шын жүректен құттықтап, оған зор денсаулық, бақыт және отбасы амандығын тіледі, сондай-ақ баға жетпес тәжірибесі мен кәсібилігі үшін алғыс айтты.

Айдуш Қасымов ішкі істер органдарындағы қызметіне 28 жыл арнады. 1970 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Кеңес Армиясы қатарына қосылды. Демобилизациядан кейін Алматы милиция мектебінде оқыды. Қызметін Көкшетау облысының ІІБ бастады. Сол уақытта КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін сырттай бітірген.

Айдуш Құрманғалиұлы ұзақ уақыт бойы Көкшетау облысының ІІБ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшесінің бастығы лауазымын атқарды, штаб басқармасында жедел уәкіл лауазымында, қатардағы және басшы құрам ретінде әр түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.
Келлер ауданының ІІБ бастығы қызметінен кеткеннен кейін, Айдуш Құрманғалиұлы азаматтық қызметте 15 жылдан астам белсенді қызметін жалғастырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру