Ақмолалық полицейлер балалар арасында жүзуден жарыс өткізді
Ақмолалық полицейлер балалар арасында жүзуден жарыс ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
10 маусымда Көкшетау қаласының «Бурабай» спорт сарайында өткен жүзу жарысына 60-тан астам жас спортшы қатысты.
Іс-шараны Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және «Бурабай» мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі ұйымдастырды.
Жүзуге 60-тан астам жас спортшы қатысып, өз қабілеттерін және салауатты өмір салтына деген оң көзқарасын көрсетті. Жарыс бағдарламасы 50 метр қашықтықты еңсеруден тұрды, стиль – еркін.
Жарыс басталар алдында іс-шара ұйымдастырушылары қатысушылардың алдында сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға денсаулық, сәтті бастау, «жеңіл» су және жылдам мәре тіледі.
Жүзу қорытындысы бойынша қыздар мен ұлдар арасында жеңімпаздар, номинациялар бойынша үздіктер анықталып, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
– Нашақорлық мәселесі – шынайы және жалған құндылықтар арасындағы таңдау мәселесі. Сондықтан ол жас ұрпақты тәрбиелеумен, қоғамдағы құндылық бағдарларының жүйесін қалыптастырумен тығыз байланысты. Спортпен шұғылдану – есірткі әлеміне нақты балама. Спорттық өмірге тартылған жасөспірімдер есірткінің әсеріне аз ұшырайды, – деп атап өтті Ақмола облысы ПД ЕҚІҚБ бастығының орынбасары Виталий Гудыменко.