Ақмолалық полицейлер өзгенің көлігін иемденіп, жол апатына ұшыраған мас жүргізушіні ұстады
Ақмолалық полицейлер өзгенің көлігін иемденіп, жол апатына ұшыраған мас жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға 31 шілде күні Бурабай ауданының Зеленый Бор ауылында болған. Полицияға ауыр жүк көлігінің жүргізушісі хабарласып, Ваз-2115 маркалы автокөлікті басқарған белгісіз адам оның көлігін «қағып кеткенін» хабарлаған.
Оқиға орнына дереу келген полиция қызметкерлері ВАЗ-2115 маркалы жеңіл автокөліктің 36 жастағы жүргізушісі мас күйінде бөтен біреудің көлігін басқарып отырғанын анықтаған.
Ұсталған адам еркін қол жеткізу арқылы көліктің тұтану құлпында қалдырған кілттерін иемденіп, ұрлау мақсатынсыз көлікті ұрлап кеткендігі анықталды.
Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, құқық бұзушыда алкогольдік масаңдық тіркелді.
Бұдан басқа, есепке алу бойынша тексеру барысында ер адамның бұрын ҚР ҚК-нің 99-бабы «Кісі өлтіру» бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын, ал 2019 жылы ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігіне сәйкес 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғанын көрсетті.
Осы дерекке қатысты полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде болған адамның көлік құралын басқаруы) бойынша, ҚР ҚК 200-бабы (Ұрлау мақсатынсыз автокөлікті немесе өзге де көлік құралын заңсыз иемдену) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Тергеу жүргізіліп жатыр.