Ақмолалық полицейлер студенттердің ата-аналарын есірткінің таралу проблемалары туралы хабардар етті
Ақмолалық полицейлер студенттердің ата-аналарын есірткінің таралу проблемалары туралы хабардар етті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазан айының басынан бастап облыс орталығының колледждерінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен ювеналды полиция қызметкерлерінің, сондай-ақ облыстық психикалық денсаулық орталығының психологының қатысуымен ата-аналар жиналысы өткізілуде.
Спикерлердің мақсаты – ата-аналарда жасөспірімдердің жаңа буындағы синтетикалық есірткілерді және «дәріханалық» нашақорлықты қолдану тәсілдері мен белгілері, сондай-ақ оларды қолданудың құқықтық салдары туралы білімдерін қалыптастыру.
Мұндай іс-шараларды өткізу қажеттілігі жастар мен жасөспірімдер ортасында есірткі тізбекті реакция сияқты таралатындығымен байланысты, ал ата-аналар бұл мәселе жөнінде көп біле бермейді. Нашақорлық мәселесін терең түсінбеген ересектер оның алдында дәрменсіз болып жатады.
Көптеген ата-аналарды спикерлердің ақпараты таң қалдырды. Психолог пен полицейлердің сөз сөйлеуі барысында көптеген сұрақтар келіп түсті, оларға толық жауаптар берілді.
Осы мәселенің өзектілігін ескере отырып, мұндай кездесулер ай сайын өткізілетін болды.