Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер жеке деректерді құпия сақтауға кеңес береді

СҚО полицейлері жеке деректерді құпия сақтауға кеңес береді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО полицейлері халықты интернетте жеке құжаттардың суретін ешкімге жібермеуге кеңес береді.

Мәселен, біреудің жеке куәлігін тауып алған жағдайда, оның фотосын әлеуметтік желілерде жеке деректерін жасырмай жариялауға болмайды. Көп жағдайда киберқылмыскерлер интернет желісінде осындай фотоларды аңдып жүреді. Оларды басқа біреулерді алдаған кезде, мәселен, өздерін бөтен адамдардың атынан таныстырғанда немесе несие алғанда пайдаланады.

2020 жылғы желтоқсан айында солтүстікқазақстандық полицейлер қызметтік іссапар кезінде осындай оңай олжаны пайдаланып жүрген ер адамды ұстады, өткен жылы оған сот үкім шығарды. Шымкент қаласының 33 жастағы тұрғыны жоғалған жеке куәліктер туралы ақпаратты әлеуметтік желідегі хабарландырулардан алғанын мойындады. Алған мәліметтер бойынша жәбірленушілердің атына онлайн несие, әдетте бір адамға 100 мң теңгеден ресімдеген. Осылайша, ол 51 несие ресімдеп, 5 млн теңгеден астам қаражатты иемденген.

Жәбірленушілердің арасында СҚО тұрғындары да болған. Сот оны 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

– Құқық қорғау органдары шағын қаржы ұйымдары иелерімен жасаған уағдаластықтың арқасында соңғы кезде қашықтықтан несие алу рәсіміне сенім артты, алайда, сақ болу қажет. Жеке деректеріңізді, құпиясөздер, пин-код, банк картасының сыртындағы CVV-кодты, смс-хабарламаламен келетін бір жолғы кіру қодтарын құпия сақтауға кеңес береміз, – дейді СҚО Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру