Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық тәртіп сақшылары көлікті есірткілік мас күйінде басқарған жүргізушіні ұстады

Ақмола облысында көлікті есірткілік мас күйінде басқарған жүргізуші ұсталды. Бұзушылықты Целиноград ауданы Оразақ ауылының учаскелік инспекторы анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейдің ақпараты бойынша, 17 сәуірде сағат 23.00 шамасында елді мекенде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде көшелердің бірінде жергілікті тұрғындардың ешқайсысына тиесілі емес ВАЗ-2115 автокөлігі байқалған.

Сонымен қатар, автокөлік жүргізушісінің мінез-құлқы учаскелік инспекторға күдікті болып көрінді: патрульдік көлікті көре салысымен ол жолдан шығуға тырысып, жылдамдығын күрт төмендеткен.

Көлік құралы тоқтағаннан кейін, ер адамның автокөлікті жүргізуші куәлігінсіз жүргізіп жүргені анықталды, кейіннен ведомстволық деректер базасы бойынша тексеру кезінде Нұр-Сұлтан қаласының 32 жастағы тұрғыны болып шықты. Жүргізуші 2021 жылғы желтоқсанда мас күйде жүргізгені үшін 84 ай мерзімге басқару құқығынан мүлдем айырылғаны белгілі болды.

Айта кететін болсақ, елорда тұрғынында мас күйде көлік жүргізу «әдеті» сақталып қалған. Тәртіп бұзушымен әңгімелесу кезінде полицей одан есірткіден мас болу белгілерін байқады: ауыз қуысынан ерекше иістің болуы, баяу сөйлегені, көз қарашығының кеңеюі, сонымен қатар жүргізушінің мінез-құлқы тыйым салынған препараттарды қолданғанын анық көрсетті.

Осы жағдайды анықтау үшін ер адам медициналық куәландыруға жіберілді, оның нәтижесі бойынша ол есірткінің «жеңіл дәрежеде» мас екендігі анықталды.

Аталған фактіге сәйкес полицейлер ҚР ҚК 346-бабы 1-бөлігі (Көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған адамның жүргізуі) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру