Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық тұрғын кәсіпорында жарақат алды: полиция тергеу жүргізуде

Ақмолалық тұрғын кәсіпорында жарақат алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5 қазанда Степногорск қаласының полиция басқармасына жедел жәрдем станциясы фельдшерінің қалалық ауруханада «сол қолдың 2-3-4-5-ші саусақтарының травматикалық ампутациясы» диагнозы қойылған 48 жастағы ер адамға көмек көрсетілгені туралы телефон хабарламасы келіп түсті.

Жедел-тергеу тобы ақмолалықтың кәсіпорында циклонның ішкі бетін жиналған қоқыстан тазарту кезінде жарақат алғанын анықтады. Степногорск тұрғыны этил спиртін өндірумен айналысатын жергілікті ЖШС-нің бірінде аппаратшы болып жұмыс істейді.

Степногорск қаласының полиция басқармасы ҚР ҚК 156-бабы 1-бөлігі (Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру